«АВТОЖАНАРМАЙҚҰЙҒЫШ»
Автожанармайқұйғыш автоматтандырылған, ол жанармай мөлшерін, оператордың қатысуынсыз автоматты режимде тұтынушыға жанармай беруді және құю уақытын қашықтан бақылап отыруға мүмкіндік береді. Жіберілетін жанармайдың мөлшері туралы есеп 1С: Бухгалтерия бағдарламасында көрініп тұрады және барлық қажетті ақпарат үлкен қашықтықтарға беріледі.
Автожанармайқұйғыш тасымалдауға, қысқа мерзімге сақтауға, стационарлық және жылжымалы сыйымдылықты мұнай өнімдерімен толтыруға арналған. Автокөліктерге тығыздығы 0,86 т/м3-тен төмен мұнай өнімдерін құюға жарайды. Автоматты автожанармайқұйғыш толық сыйымдылықтың көліктік өлшемі болып табылады.
Жанармайды құю технологиялық бөлікте орналасқан өлшеу құралдарының сертификаты бар жанармайды таратқыш колонкаларының көмегімен жүзеге асады. Цистерна корпусының түбінде өрт сөндіргіштер орналасқан пластик қораптар орнатылған. Қызмет көрсету үшін жоғарғы жағында саты, тұтқа және ойықты табақтан жасалған сырғанатпайтын алаң бар.
Біздің автожанармайқұйғыш барлық халықаралық стандарттарға сай келеді және оларда ЕЭО-ның қажетті сертификаттары бар.