Осы Пайдаланушылық келісім MANOIL.KZ интернет-ресурсына (бұдан әрі – «Сайт») қатысты Сайт Иесі мен Пайдаланушының арасындағы қарым-қатынасын келесі төмендегі талаптармен реттеуге арналған:
Сайт иесі Пайдаланушылық келісімнің мәтінін және мазмұнын Пайдаланушыға қандай да бір арнайы хабарлаусыз кез келген уақытта өзгерте алады, бұл ретте егер Сайт иесі жекелеген ілеспе хабарламасында өзгені тікелей көрсетпеген болса, Сайт иесі Пайдаланушылық келісімнің жаңа редакциясы MANOIL.KZ мекенжайы бойынша Сайтта орналастырған уақыттан бастап күшіне енеді.
Пайдаланушылық келісімнің қолданыстағы редакциясымен үнемі танысып отыру Пайдаланушының тікелей міндеті болып табылады.
Пайдаланушының Сайтты Пайдаланушылық келісімнің жаңа редакциясы күшіне енген соң пайдалануы Пайдаланушының онымен толықтай келісетінін және Сайт Иесі мен Пайдаланушының арасындағы қарым-қатынастарына жаңа қолданыстағы редакциясын қолдануын білдіреді.
1. Терминдер және анықтамалар
1.1. Пайдаланушы – Internet желісінің интернет-ресурстарына, соның ішінде Сайтқа келуші.
1.2. Сайт – MANOIL.KZ мекенжайы бойынша орналасқан және ақпараттық жүйедегі ақпарат пен интеллектуалдық меншік нысандары (оның ішінде, ЭЕМ арналған бағдарлама, деректер қоры, интерфейсті графикалық әсемдеу (дизайн) және тағы да басқалары) қамтылатын жиынтықты білдіретін интернет-ресурс.
1.3. Сайт Иесі – «M.A.N. OIL GROUP COMPANIES» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2. Жалпы ережелер
2.1. Сайт Иесі Пайдаланушыға осы Пайдаланушылық келісімнің талаптарымен Сайттағы ақпаратты, ресурстарды және сервисін пайдалануды ұсынады.
2.2. Егер Сайтта өзгесі көрсетілмеген болса, Сайттағы ақпарат, ресурстар және сервис Пайдаланушыға тегін ұсынылады.
2.3. Сайттың жекелеген ақпаратын, ресурстарын және сервисін ұсыну, осы Пайдаланушылық келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылатын және Сайтта келтірілген арнайы қағидалармен және/немесе келісімдермен ретке келтірілуі мүмкін.
2.4. Пайдаланушының тіркелу немесе авторландыру фактісіне қарамастан, Пайдаланушының оның ішінде Сайтта орналасқан ақпаратты қарауын қоса, Сайтты пайдалануы Пайдаланушының осы Пайдаланушылық келісіммен толықтай келісетінін және Сайтты пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қолдану, сондай-ақ Пайдаланушыға қатысты қарастырылған жауапкершілікті өзіне қабылдау міндеттемесін білдіреді.
2.5. Пайдаланушы Сайтқа кіру рұқсатын жүзеге асырып және осы Пайдаланушылық келісімін жасаса отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Пайдаланушылық келісімін жасасуға және орындауға қажетті барлық құқықтары мен өкілеттіктері бар екеніне кепілдік береді.
3. Пайдаланушы ұсынатын мәліметтер
3.1. Пайдаланушы Сайтты пайдалану шеңберінде тек шынайы мәліметтерді ғана ұсынуға міндеттенеді және сондай ұсынылған мәлімет үшін жеке басының жауапкершілігін көтереді. Пайдаланушы аталған мәліметтерді уақытында жаңартып өзектендіріп отыруға міндеттенеді.
3.2. Пайдаланушы Сайтты пайдалану барысында өз бетінше және ерікті түрде:
3.2.1. қолданыстағы өзекті мәтіні MANOIL.KZ мекенжайы бойынша орналасқан Конфиденциалдық және дербес деректерді өңдеу саясатын (бұдан әрі – «Саясат») ескере отырып, өзінің дербес деректерін және өзге мәліметтерді Сайт Иесіне ұсыну немесе ашық қол жеткізу рұқсатында орналастыру туралы шешім қабылдайды;
3.2.2. Пайдаланушының дербес деректерін және өзге мәліметтерін, соның ішінде: Сайтты пайдалануына байланысты консультациялық қолдау көрсетуді ұсыну; басқа Пайдаланушыларға хабарламаларды жеткізу; Сайттың қызметін жақсарту үшін статистикалық және талдау деректерін алу; Сайттан, оның ішінде Пайдаланушы немесе оның өкілі көрсеткен, не Сайттың көмегімен орналастырылған ұялы телефон нөміріне қысқаша хабарламалар (sms-хабарламалар) және электрондық пошта мекенжайына e-mail хаттар түріндегі, не болмаса интерактивті графиктер, нақтыланған есептер мен өзге аналитикалық есептер түріндегі ақпараттық және/немесе жарнамалық хабарламалар алу; Пайдаланушының заңсыз және/немесе рұқсат етілмеген іс-әрекеттерінің алдын алу және болуына жол бермеу; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Сайттың өңдеуіне өз келісімін білдіретіні туралы мәлімдейді.
3.3. Сайт Иесі Саясатқа сәйкес Пайдаланушының дербес деректерін үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген қол жеткізу іс-әрекеттерінен қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
3.4. Сайт Иесі Пайдаланушыға Сайтқа қатысы жоқ сұрақтар бойынша консультация бермейді.
3.5. Пайдаланушы мынаған келіседі:
3.5.1. Сайттың Пайдаланушы туралы иесіздендірілген статистикалық мәліметтерін жинауға;
3.5.2. Сайт Иесінің Саясатта сипатталған талаптарын орындау шартымен, Сайт Иесінің үшінші тұлғаларға иесіздендірілген статистикалық мәліметтерді, соның ішінде оларды өңдеу мақсатында, Сайттың қызметін қамтамасыз ету үшін, Сайттың серіктестік және өзге бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында беруге.
4. Пайдаланушының міндеттемелері
4.1. Пайдаланушы тек қолданыстағы заңнамаға және осы Пайдаланушылық келісімге ғана сәйкес әрекет етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сайттағы өзінің іс-әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін толық жауапкершілік көтеруге міндеттенеді.
4.2. Пайдаланушы Сайтты тек осы Сайттың арналған мақсатына ғана сай пайдалана алады.
4.3. Сондай-ақ, Пайдаланушы Сайт Иесінің және кез келген үшінші тараптың (егер ақпарат үшінші тұлғалардың мүдделеріне қатысты болса) алдын ала жазбаша рұқсатысыз Сайттағы кез келген ақпаратты көшірмеуге, жаңғыртып қайта шығармауға, өзгертпеуге, таратпауға және жұртшылыққа жария етпеуге міндеттенеді.
4.4. Пайдаланушылық келісімді бұзуын және/немесе Сайтқа зиян келтіруін (мысалы, DDoS-шабуылдар немесе өзге хакерлік шабуылдар, бағдарламалық құралдарды авторландырмай пайдалану және тағы да басқасы) болдырмау немесе алдын алу мақсатында, Сайт Иесі тиісті ip-мекенжайына немесе ip-мекенжайының диапазонына қол жеткізу рұқсатын бұғаттау арқылы олардың Сайтқа кіру рұқсатын шектеуге құқылы
4.5. Сайтқа кіру рұқсатын жүзеге асыра отырып, Пайдаланушы Сайттағы үшінші тұлғалар орналастырған жарнамалық ақпаратты алуға өз келісімін білдіреді. Сайттың ондай ақпараттың мазмұнын айқындамайтынын және де, оның ішінде тиісті материалдарда орын алуы мүмкін сілтемелері бар сайттарды қоса сол ақпарат үшін жауапкершілік көтермейтінін Пайдаланушы түсінеді және келіседі.
5. Кепілдік және жауапкершілік
5.1. Пайдаланушы Сайтта жасайтын іс-әрекеті үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілік көтереді.
5.2. Сайт және Сайттың Иесі Пайдаланушы ақпаратты жоғалтқаны үшін, сондай-ақ Сайттағы байланыс нысандарын пайдалана отырып алатын ақпаратты бұрмалағаны немесе хабарламаны жоғалтқаны үшін жауапкершілік көтермейді.
5.3. Сайт және Сайттың Иесі салдарынан қашып құтылу немесе еңсеру мүмкін емес тежеусіз күш жағдайының әрекеті салдарынан міндеттемелерін орындамағаны немесе орындауында қиындық туындағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
6. Пайдаланушылық келісімнің қолданыс мерзімі
6.1. Осы Пайдаланушылық келісім Пайдаланушының тіркелу фактісіне қарамастан Пайдаланушы Сайтты пайдалана бастаған уақыттан бастап күшіне енеді және шектеусіз мерзімде қолданыста болады.
6.2. Пайдаланушы өзінің Жеке кабинетіне кіру рұқсатын қайта қалпына келтіру мүмкіндігісіз Жеке кабинетіне кіру рұқсатын доғаруға құқығы бар.
6.3. Сайттың Иесі өзінің қалауы бойынша осы Пайдаланушылық келісімді, Сайттың қызметін регламенттейтін өзге ережелерді бұзатын Пайдаланушыға кіру рұқсатын, соның ішінде Пайдаланушының Жеке кабинетіне кіру рұқсатын доғару немесе уақытша тоқтату құқығын өзіне қалдырады. Пайдаланушының Сайтқа кіру рұқсаты үшін басқа Пайдаланушының есептік деректерін пайдалануға құқығы жоқ.
7. Даулар және қолданыстағы заңнама
7.1. Осы Пайдаланушылық келісім бойынша барлық дауларды шешетін кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы қолданылады.
7.2. Сайтты пайдалану ақысыз болуына орай, тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнаманың ережелері Пайдаланушы мен Сайттың Иесі арасындағы қарым-қатынастарына қолданылмайды.
7.3. Осы Пайдаланушылық келісім шеңберінде туындаған барлық даулар Тараптардың келіссөз жүргізу арқылы шешімін табады. Дауды келіссөз жүргізу арқылы шешу мүмкін емес болған жағдайда, даулар Сайт Иесінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген соттық тәртіпте шешіледі.
7.4. Осы Пайдаланушылық келісімнің жекелеген бөліктерін жарамсыз деп тануы осы Пайдаланушылық келісімнің басқа ережелерінің қолданысын жоймайды.