MANOIL.KZ сайтының әкімшілігі (бұдан әрі – «Сайт») сайтқа келушілерге (бұдан әрі – «Келуші»), сондай-ақ әр Келуші ұсынатын конфиденциалдық болып табылатын дербес ақпаратқа құрметпен қарайды.
Осы Конфиденциалдық және дербес деректерді өңдеу саясатымен (бұдан әрі – «Саясат») танысу Келушінің осы Саясатқа сәйкес дербес ақпаратын жинауға, сақтауға және пайдалануға өз келісімін беретінін растайды.
Бұл ақпарат оны Келушінің тапсырмаларын өңдеу үшін пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған ұйғарымдар негізінде берілетін жағдайларды қоспағанда, Келуші тарапынан алдын ала рұқсатысыз кез келген үшінші тұлғаларға ешқашан қасақана берілмейтін болады.
Саясатты қолдану
Осы Саясат Келуші туралы барлық дербес ақпаратқа қолданылады, ол ақпаратқа қол жеткізу рұқсаты оған Келуші тікелей жүгінген және Сайтта тіркеуден өткен кезде беріледі.
Саясаттың өзгеруі
Сайт әкімшілігі осы Саясатты біржақты тәртіпте өзгерту құқығын өзіне қалдырады, бұл ретте, мына: MANOIL.KZ/POLITIKA-KONFIDENCIALNOSTI/ мекенжайы бойынша Сайтта жаңартылған Саясатты міндетті тәртіпте және уақтылы орналастыруға міндеттенеміз.
Пайдаланушыдан ақпаратты жинау, сақтау және пайдалану
Сайтымызда біз Пайдаланушы ұсынған (ұсынатын) дербес ақпараттың мына түрлерін жинай аламыз, сақтай аламыз және пайдалана аламыз:
1. Келуші Сайтқа кіргені және пайдаланғаны туралы ақпаратты, Келушінің IP-мекенжайы, оның географиялық орналасқан жері, Сайтқа, оның ішінде браузер нұсқасын, операциялық жүйені, ақпарат көзін, Сайтқа кіру ұзақтығын, қараған парақ санын және т.б. қоса кіруі және пайдалануы жүзеге асырылатын техникалық құрал туралы ақпаратты;
2. Келушінің Сайтта немесе оған қатысты жүргізілген кез келген операцияларға байланысты ақпаратты;
3. Келушінің Сайтта тіркелген кезде ұсынған ақпаратты;
4. Келушінің Сайттағы кез келген әрекетінің есептік жазбаларын.
Келуші барлық дербес ақпаратты Сайтқа кірген және тіркелген кезде ерікті түрде ұсынады. Сайттың жекелеген мазмұнын тіркелу рәсімін өтпей-ақ та қарауға болады, алайда Сайттың бар ресурсын, функциялары мен мүмкіншіліктерін пайдалану үшін Келушіге міндетті түрде тіркелу қажет болады.
Сайт әкімшілігі баптауларды дараландыру, Сайтты пайдалану ыңғайлылығын арттыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшы келмейтін өзге мақсаттар үшін Келуші ұсынған деректерді пайдалану құқығын өзіне қалдырады.
Сайт әкімшілігі Келушінің дербес деректерін мына жағдайларда үшінші тұлғаларға беруге құқығы бар:
1. Келуші сондай әрекеттерге өзінің келісімін тікелей білдіргенде;
2. Келуші белгілі бір ресурсты немесе Сайт мүмкіншілігін пайдалану аясында сондай берудің тікелей қажеттілігі туындағанда, сондай-ақ Келушінің алдында өзге міндеттемелерді орындаған кезде;
3. Сайтты жаңа иесіне сатқан жағдайда, Келушіден дербес ақпаратты алуға қатысты осы Саясаттың талаптарын орындау жөніндегі барлық міндеттемелері де жаңа иесіне өтетін Сайтқа иелік ету құқығын беру;
4. Сайт әкімшілігінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары бойынша сондай ақпаратты міндетті тәртіпте ұсыну үшін негіздемелеріне сәйкес мемлекеттік органнан ресми сұрату алу;
5. Сайт әкімшілігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігі (атап айтқанда, Пайдаланушы өзекті мәтіні мына: MANOIL.KZ/LICENSE/ мекенжайы бойынша орналасқан Пайдаланушылық келісімді бұзған жағдайда (жағдайларда);
6. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге жағдайларда.
Сонымен қатар, Сайт әкімшілігі Пайдаланушының Сайтта көпшілікке мәлім болатын нысанда ұсынған мәліметтері үшін жауап бермейді.
Пайдаланушының ақпаратты өзгертуі
Пайдаланушының Сайтты пайдаланған кезде, Сайттағы дербес деректерді редакциялау функциясын пайдалана отырып ұсынылған (ұсынылатын) дербес ақпаратты немесе оның бір бөлігін кез келген сәтте өзгертуге (жаңартуға, толықтыруға) құқығы бар. Сол сияқты ол бұрын белгілі бір есептік жазба аясында ұсынылған дербес ақпаратты алып тастай алады.
Есептік жазбаның деактивациясы Келушіні Сайттың бір бөлігін немесе барлық ресурстарын әрі қарай пайдалану мүмкіндігінен айырады. Сонымен қатар, Пайдаланушы есептік жазба немесе ақпараттың бір бөлігі жойылған жағдайда бұрын жария етілген барлық ақпарат архивациялау, резервтік көшіру және/немесе есептілік үшін Сайтта біраз уақыт сақталатынын назарына алуы қажет.
Бөгде сілтемелер
Сайт әкімшілігі әр Пайдаланушыны Сайтта Сайтқа еш қатысы жоқ және үшінші тұлғалардың иелігіндегі бөгде сайттарға сілтемелер бар болуы мүмкін екенін ескертеді. Бұл ретте Сайт әкімшілігі үшінші тұлғалардың аталған сайттарындағы мәліметтің дәлдігіне, толықтығына және растығына ешқандай жауапкершілік алмайды және Пайдаланушының үшінші тұлғалардың сондай сайттарында қалдырған ақпараттың конфиденциалдылығының сақталуына ешқандай міндеттемені өзіне алмайды.
Жауапкершілікті шектеу
Сайт әкімшілігі осы Саясаттың сақталуы үшін барынша қолдан келгенін жасайды, алайда Сайт әкімшілігінің ықпалы мен бақылауынан тыс орналасқан факторлардың (жағдайлардың) әсерінен Пайдаланушының ақпараты нәтижесінде үшінші тұлғаларға қолды болған жағдайда (жағдайларда) Пайдаланушыдан алған ақпараттың толық сақталуына кепілдік бере алмайды.
Сайт әкімшілігі URL сайтына қол жеткізуге шектеу қою немесе Сайтқа кіру нәтижесінде келтірілген жағымсыз салдары үшін, сондай-ақ Пайдаланушыға келтірілген кез келген шығыны үшін жауапты болмайды.